Адам аптасына қанша салмақ тастауы керек?

15 Тамыз 2023, 19:02
1230
Бөлісу:
Адам аптасына қанша салмақ тастауы керек?
Фото: BAQ.KZ - архив

Дәрігер бір аптада қанша келі салмақ тастау керек екенін есептеп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аптасына 400-900 грамм салмақ тастау адам денсаулығына оңтайлы деп есептеледі. Бұл туралы америкалық диетолог дәрігер Дэвид Крил Men's Health басылымына берген сұхбатында айтқан.

Дәрігердің сөзінше, бұл арықтаудың сызықтық түрі және ол ең дұрысы. Алайда сызықтық тәсілді емес арықтаудың басқа түрлерін қолданған көптеген адам бір аптада екі келі тастауы ықтимал. Салдарынан олардың салмағы бір орында тұрып қалуы мүмкін немесе керісінше бұрынғыдан да көбейіп кетуі мүмкін.

Маман арықтау кезінде міндетті түрде күш салатын жаттығуларды жасаған дұрыс дейді. Себебі олар бұлшықетке еш зиянын тигізбей денедегі майдың кетуін жылдамдатады. Бұл ретте бұлшықет көлемін ұлғайту қажет болса, ақуызды көптеп тұтынуды қолға алу керек екен.

Өзгелердің жаңалығы