Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі алаңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының нәтижелері туралы өткен онлайн брифинг кезінде ҚР ИИДМ-дегі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Болат Қасымов айтты.
Жұмысқа кіріскеннен кейін алға қойған басты міндеттеріміздің бірі кеңсенің әлеуметтік желілерде танымал болу, оқырмандар санын арттыру, бизнес қауымдастықтардың хабардар болуын қамтамасыз ету болды. Тәулік бойы жұмыс істейтін Whatsapp-канал аштық (8708-8000-911). Қазір ресми сайт жасалып жатыр. Кері байланыстың болуы біз үшін маңызды болды. Сонымен қатар, кеңсе ашылғалы бері ИИДМ-дің 7 саласы бойынша Сарапшылар кеңесі құрылды. Оның құрамында 20-дан астам бизнес қауымдастық, 500-ден астам кәсіпорын, тәуелсіз сарапшылар мен салалық мамандар бар, - деді ол.
Спикердің айтуынша, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі естуші мемлекет механизмі ретінде құрылды.
Бизнес бұл механизмнен нарықтың әділдікке және ашық бәсекелестікке жоғары қажеттілігін қанағаттандыру жолында терең әлеует барын байқады. Ал, бұл жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері кезінде мүмкін емес дүние еді. Бизнестің бұл алаңда ашық әрі әділетті түрде кез келген мәселе шешімін табатынына көзі жетті, - деді ол.