Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Antikor» бағдарламасы барысында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Энергетика министрлігінің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Байділдинов айтты.
Ол өзі үшін «Адалдық алаңы» не екенін қарапайым мысалмен түсіндірді.
Менің телефон нөмірім әлеуметтік желідегі жеке парақшамда орналасқан. Күніне бірнеше кәсіпкерден түрлі мәселелерге қатысты шағымдар келіп түседі. Олардың ішіндегі ең жиі айтылатын мәселелер электр есептеу құралдарына қатысты. Бір кәсіпкер маған есептеу құралын орнат деп жатыр деп шағымданса, енді бірі оның қолды болғанын айтып шағымданады. Бұл орайда «Адалдық алаңы» энергетика министрлігі, жемкорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен халық арасындағы көпір қызметін атқарушы екенін байқауға болады. Өйткені осындай кішкентай шағымдардан саланың жалпы проблемасы көрініс табады. Осылайша оны шешудің жолдарын табу, жүйелеуге мүмкіндік береді, - дейді ол.