Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан құрылысшылар Одағы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – «Адалдық Алаңы» жобалық офисімен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің елордадағы департаментімен бірлесіп баспасөз конференциясын өткізді.
Бүгінгі таңда Одақ бүкіл еліміз бойынша 1200-ден астам бизнес субъектілерін біріктіреді.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Болат Қасымовтың сөзінше, одаққа келіп түсетін проблемалардың арасында шешуді талап ететіні көп.
Оның айтуынша, қоғамның үлкен бөлшегі ретінде кәсіпкерлердің де айтары бар.
Кәсіп өкілдері мен мемлекеттік органдар туындаған мәселені бірлесе шешуі тиіс. Мәселен, кәсіпкерлер биыл көктем кезінде бағалардың өсетінін ескерткен. Сол секілді басқа да проблемалар тыс қалмауы тиіс. Үкімет кәсіп өкілдерімен ақылдаса отырып, жоспарлы түрдегі әрекеттерге көшуі керек. Бүгін адалдық алаңында проблемаларды бірігіп шеше алатынымызға көз жеткізіп отырмыз, - деді ол.
Бүгінгі таңда «Адалдық алаңы» заңсыз тендерлердің күшін жоюдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамалар жүргізуге және қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуге дейінгі мемлекет пен жалпы қоғам үшін үлкен резонанстық маңызы бар кейстердің қомақты портфелі жинақталған.
Аяқталған кейстердің қатарына 2021 жылдың көктемінде халықаралық және қазақстандық заңнаманың жүйелі бұзушылықтарына, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы белгілері бар Семей қ. ҚТҚ басқару жүйесін жаңғыртудың резонанстық жобасы бойынша тәуелсіз сараптамалық қорытындыны жатқызуға болады.
Кәсіп саласындағы жемқорлық кең таралған. Оның алдын алу үшін «Адалдық алаңындағы» эксперт кеңесіммен көтерілген проблемаларды бірге талқылап, сарапқа саламыз. Бірге ақылдасып, бірге жоспар құрамыз. Бұл бізге берілген мүмкіндік, - дейді Болат Қасымов.