"Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жол парақтарын алып тастауды ұсынды

8 Тамыз 2019, 14:23
2225
Бөлісу:
"Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жол парақтарын алып тастауды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жеңіл автокөліктерге арналған жол парақтарын алып тастауды ұсынды. Алып тастау арнайы техникаларға, автобустарға және мемлекет қарауындағы автокөліктерге қатысы жоқ. 

"Автомобиль көлігі туралы" ҚР заңына сәйкес жол парағы жүргізуші мен автокөліктің жұмысын бақылауға және есепке алу мақсатында пайдаланылады. Бүгінде жол парағы өз функциясын атқармай отыр. Жүргізушіде жол парағы болмаса оған айыппұл салады. Осы жерде полициямен келісу секілді сыбайлас жемқорлық фактідері кездеседі. Полиция автокөліктің жағдайы туралы, айыппұлы бар ма, сақтандырылған ба, осы секілді мәліметтерді бірыңғай ақпарттық жүйе арқылы біледі. Ал жол парағы бүгінде архаизм болып отыр және жол ережесін сақтағаны туралы мәлімет бермейді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Адалдық алаңы" республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Мирас Қарғабай.

Ол кез келген заңды тұлғаның автокөлігі болса көліктің қайда және онымен кім, қандай уақыттарда баратыны жол парақтарына жазылып, тіркелуі керек екенін айтты. Тіркелгеннен кейін қай жолға шықпаса да сол парақты өзімен алып жүруі керек.

Оның сөзінше жүргізуші куәлігі бар кезде бұл қағаздың қажеті жоқ. Бұл мәселені Әкімшілік полиция комитеті мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі секілді құзыретті органдар шешуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Protecting business and investments жобалық кеңсесінің жетекшісі Айдос Мамыт бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғауға бағытталған шаралардың нәтижесін баяндады. 

Сонымен қатар, алдағы уақытта елімізде жолдардың сапасын смартфон арқылы бағалау мүмкін болмақ.
Өзгелердің жаңалығы