Бұл туралы елордада "Қазақстан заңгерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігі өткізген "Адал сайлау үшін" штабы мүшелерінің брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18 ақпанда сайлау науқаны басталғаны белгілі. Науқан 18 наурызға дейін жалғасады.
Спикер Жанар Бұқанова сайлау сауалнамаларын ұйымдастыру және өткізу тәртібін, әлеуметтік сауалнамаларды өткізудегі заңнамалық жаңалықтарды түсіндірді, сондай-ақ Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарына мандаттар үшін сайлау жарысына қатысуды реттейтін нормаларға егжей-тегжейлі тоқталды.
Думан Жампейісов сайлау процесіне қатысушылардың сайлауға және сайлау алдындағы үгіт-насихатқа байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізудің құқықтық негіздері туралы айтып өтті.
Әлеуметтану ғылымында кез келген сауалнама жүргізуде қателіктер болуы мүмкін. Қателіктердің деңгейі бұқаралық ақпарат құралдары көрсетуі керек. Осының барлығын көрсеткеннен кейін ғана ақпараттандыру жұмыстары дұрыс жүргізілді деп есептеледі. Бірақ кез келген адам мұны жүргізе алмайды. Себебі ол қоғамдық пікірге әсер етуі, бұрмалаушылыққа әкелуі мүмкін, - деп түсіндірді Думан Жампейісов.