ADAL саяси партиясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін ұсынды

19 Қараша 2020, 16:00
3189
Бөлісу:
ADAL саяси партиясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада ADAL саяси партиясының VII съезі өтті. Іс-шара барысында Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді.

Партия төрағасы Серік Сұлтанғалидың айтуынша, бұл тізім партияның жаңа мүшелерінің белсенділігі мен тәжірибесіне сүйене отырып құрылған. 

Партияның атауы өзгерген сәттен бастап біздің қатарымызға 5000-нан астам жаңа мүше қосылды. Біз партиялық тізімге толық енген Саяси кеңес мүшелерін қоса алғанда, бастапқы, тәжірибесі бар кадрларға да, жаңа қатарластарымызға да мүмкіндік беруге тырыстық, - деп атап өтті ол. 

Саяси кеңес делегаттары мен мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша ADAL партиясынан Мәжіліс мандатына кандидаттар тізіміне 20 адам енді. Олар:

• Серік Сұлтанғали - ADAL партиясының төрағасы; 

• Эльдар Жұмағазиев – мемлекет және қоғам қайраткері, бірқатар білім және әлеуметтік жобалардың авторы, экономист, саясаттанушы; 

• Ардақ Назаров  - белгілі спортшы, қоғам белсендісі; 

• Мақсат Толықбай - белгілі тележурналист, «Ашық алаң» тележобасының жүргізушісі, Maltabu.kz сайтының авторы; 

• Алмасбек Садырбаев - председатель Национальной ассоциации овцеводов Казахстана «Шопан Ата» Қазақстан қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы; 

• Дәулет Мұқаев - тележурналист, қоғам белсендісі; 

• Олжас Ордабаев - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, білім беру саласының сарапшысы; 

• Жигули Дайрабаев - "Қазақстан фермерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті»; 

• Нұрлыбек Малелов - қаржыгер, мемлекет қайраткері; 

• Ғалымбек Жақсылықов – қоғам қайраткері, Қызылорда облысының белсенді тұрғыны; 

• Лаура Маликова – «Тәжірибелі экологтар қауымдастығының» төрағасы; 

• Игорь Шацкий – кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі сарапшы; 

• Алина Абдрахманова - бизнес-білім беру саласын басқару жөніндегі маман, сарапшы; 

• Халиола Акдрашев – кәсіпкер;  

• Ләззат Чинкисбаева - «Менің Атамекенім» әлеуметтік қорының төрағасы; 

• Мұрат Қожамқұлов – партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы; 

• Ғани Абадан - партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы; 

• Тимур Абдыкаримов – партияның Маңғыстау областық филиалының төрағасы; 

• Ақмарал Бекмұрзаева - бизнес-тренер, кәсіпкер; 

• Әнуар Керембаев – экономика сарапшысы. 

 

Айта кетейік, бұған дейін Серік Сұлтанғали партияның жаңару процесі тек атаудың өзгеруімен ғана шектеліп қалмайтынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы