"Адал азамат – адал еңбек" дәрісі өтті

28 Наурыз 2025, 18:38
401
Бөлісу:
"Адал азамат – адал еңбек" дәрісі өтті
Фото: ҚР ПІБ Президенттік орталығы

Президенттік орталықта Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы сөзінің негізгі бағыттарын талқылауға арналған қонақ дәрісі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

ҚР ПІБ Президенттік орталығында Мәжіліс депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі Вера Кимнің "Адал азамат – адал еңбек" атты қонақ дәрісі өтті. Іс-шара ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2025 жылғы 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында жариялаған бастамалары мен жобаларын талқылауға арналды.

"Адал азамат – адал еңбек" дәрісі өтті

Дәріске Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушылары мен елордалық жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған 80-ден астам адам қатысты.
Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы барлық этностық топтар мен Қазақстан халықтарының ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірігуінің маңыздылығын атап өтті. 

"Адал азамат – адал еңбек" дәрісі өтті

Сондай-ақ ол әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бастамаларын, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй салаларында қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелерін көтерді. Президент өз сөзінде экономикалық трансформация және саяси реформалар тақырыптарын қозғап, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану шараларына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, «жасыл» энергетика жобаларын дамыту, қазақ мәдениеті мен мемлекеттік тілді сақтау және насихаттау бағыттарында атқарылатын жұмыстарды атап өтті.

"Адал азамат – адал еңбек" дәрісі өтті
"Адал азамат – адал еңбек" дәрісі өтті


Анықтама үшін :Вера Александровна Ким – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII-VIII шақырылым депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстандағы волонтерлік қозғалыстың негізін қалаушы, "Ұлттық волонтерлік желі" заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы.

Ол волонтерлермен жұмыс істейтін үйлестірушілерді даярлау бойынша кәсіби халықаралық тренер, волонтерлік бойынша халықаралық тренерлік сертификаттың иегері. "Волонтерлік қызмет туралы" заң жобасын талқылау жөніндегі жұмыс тобының құрамында болды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамына кірген.
 

Өзгелердің жаңалығы