Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияның Ситжес қаласында шахматтан әйелдер арасында командалық Әлем чемпионаты өтті. Онда Қазақстаннан үздік шахматшылар бақ сынады. Бұл туралы Бұл туралы Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы хабарлады.
Елордалық спортшы, еліміздің мақтанышы Динара Сәдуақасованы Әлем чемпионатындағы қола жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз! Байрақты бәсекеде әлемнің 12 елі: АҚШ, Әзербайжан, Армения, Германия, Грузия, Үндістан, Испания, Польша, Ресей, Франция, Украина, Қазақстаннан үздік шахматшылар бақ сынады. Халықаралық гроссмейстер Динара Садуақасова екінші тақтада ойнап, жеке есепте қола жүлдені жеңіп алды - делінген хабарламада.
Ал командалық есепте ел құрамасы үздік төрттікті қорытындылады. Ресейлік қыздар жарыс жеңімпазы атанса, Үндістан құрамасы-екінші орынды жеңіп алды. Ал үшінші орынды Украина және Грузия шахматшылары өзара бөлісті.
Сондай-ақ, жекелей сыңда қола медаль 16 жасар шахматшы, халықаралық дәрежедегі әйелдер шебері Меруерт Камалиденоваға бұйырды. Ол үшінші тақта ойнап Үндістан мен Украина командаларына қарсы матчта тамаша нәтиже көрсетті. Динара мен Меруертті Әлем чемпинатындағы қола жүлдесімен құттықтаймыз! Спортшыларымызға алдағы байрақты бәсекелерде жарқын жеңістер мен толағай табыстар тілейміз! - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Динара Сәдуахасованың қола жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.