ӘЧ-2022: Польша құрамасы Сауд Арабиясынан басым түсті

26 Қараша 2022, 22:05
1207
Бөлісу:
ӘЧ-2022: Польша құрамасы Сауд Арабиясынан басым түсті

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының С тобында Польша құрамасы Сауд Арабиясынан басым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесудің 39-минутында польшалық Роберт Левандовскидің берген пасын әріптесі Пётр Зелиньский мүлт жібермеді.

Екінші кезеңде құрамалар шабуылға көбірек көңіл бөлді. Сауд Арабиясы таразы басын теңестіруге ұмтылғанымен өзінің қақпасына гол жіберіп алды.

Осылайша, Польша құрамасы қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Алғашқы турда Польша Мексикамен 0:0 есебімен тең ойнаса, Сауд Арабиясы Аргентинаны 2:1 есебімен сүріндірді.

Өзгелердің жаңалығы