Бүгін әлем чемпионатының топтық кезеңінде Португалия Ганаға қарсы ойнайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Португалия - Гана матчының болжалды құрамы осындай:
Португалия: Кошта, Канселу, Диаш, Пепе, Мендеш, Невеш, Фернандеш, Карвалью, Силва, Роналду, Леау.
Гана: Ати-Зиги, Лэмпти, Амарти, Салису, Баба, Абдул Семед, Парти, Африйе, Д. Айю, А. Айю, Уильямс.
Төреші: Исмаил Эльфат.
Сарапшылар не дейді?
Аргентинаның Сауд Арабиясынан сенсациялық жеңілісі аутсайдерлерден бәрін күтуге болатынын көрсетті. Екінші жағынан, Аргентина секілді фавориттің қателігі бүкіл командаға сабақ болды. Португалия құрамасы қазірдің өзінде белгілі бір қорытындыға келгені сөзсіз.
Дегенмен, Гана әлем чемпионатына жақсы дайындықпен келгенін айта кеткен жөн. Біріншілікке дейін бірнеше жолдастық кездесу өткізді. Бразилиялықтардан 0:3 есебімен жеңіліп, Никарагуа құрамасын 1:0 және Швейцарияны 2:0 есебімен жеңді.
Сарапшылардың пікірінше, ойынның фавориті – Португалия.