Абылайхан Жүсіпов кәсіби боксқа ауысуына қатысты мәлімдеме жасады

2 Ақпан 2022, 21:08
1187
Бөлісу:
Абылайхан Жүсіпов кәсіби боксқа ауысуына қатысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Қазақстан командасының капитаны Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді деп хабарлады Olympic.kz. 

Бұл шешімді әлем чемпионатынан кейін қабылдадық. Әуесқой бокстан түбегейлі кеттім демеймін. Бас бапкерге хабарласып, рұқсатын алдым. Алдағы уақытта ірі жарыстар қарсаңында ұлттық құрамамен жаттығатын жоспарым бар, - дейді Жүсіпов. 

Абылайхан Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Рио және Токио Олимпиадаларының қатысушысы. 

Сербиядағы әлем чемпионатына Абылайхан команда капитаны ретінде қатысқан болатын. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы