Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезі барысында белгілі болды.
Абылай Мырзахметов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының қызметінен босатылды.
Палата өтіп жатқанына қуаныштымын. Барлығыңызға алғысым шексіз. Біз палатаны құрдық, оны әрі қарай дамыту керек. Аймақтар мен қауымдастықтардың арасы ажырап кеткені байқалады. Барлық жағдайды есепке ала отырып, мен бүгін президиумның жаңа төрағасының алдында басқарма төрағасы ретінде құзыреттілігімді тоқтату туралы шешім қабылдадым. Сегіз жыл деген үлкен мерзім, - деді Абылай Мырзахметов.