«Аbish аlemi» халықаралық театр фестивалі өтеді

10 Қазан 2019, 14:38
2552
Бөлісу:
«Аbish аlemi» халықаралық театр фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әбіш Кекілбаевтің шығармаларын насихаттауға бағытталған алғашқы театр фестивалі 2016 жылы республикалық деңгейде өткен болатын. Биыл жазушының 80 жылдық мерейтойы аясында халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отыр.

Фестивальдің ашылу салтанаты Каспий теңізінің жағалауындағы амфитеатрда өтеді. Аталған шара өзге елдермен мәдени-рухани байланысты нығайтудағы алтын көпір іспеттес. Әлемнің жеті елінен келген кәсіби және музыкалық драма театр әртістері Ақтаудағы Нұрмұхан Жантөрин театры сахнасында өзара сынға түседі. Қатысушы театр ұжымдарының қойылымын, қазылар алқасының беделді мүшелері Асанәлі Әшімов, «Алтын қалам» сыйлығының лауреаты Исрафил Исрафилов және өзге де белгілі режиссерлар мен актерлар бағалайды. Халықаралық театрлар фестивалінде Маңғыстау драма театры Әбіш Кекілбаевтің «Бір шөкім бұлт» шығармасы мен «Күй» повесін сахналайды. «Күй» повесінде кейіпкерлердің басым бөлігін ер адамдар, ал моно спектакльді бір әйел және ер адам сомдайды.

«Спектакльдің күрделілігі – барлық кейіпкерлерді өзінің ойнауында. Ер адамның бейнесін де, жүгіріп келген баланың да, келіншектің де және тағы басқа образдардың барлығын өзіңнің сомдауыңда. Сонау соғыс жылдарындағы Аққаймақтың басынан кешкен оқиғасы, қиын-қыстау кездердегі барлық қиындыққа төтеп беріп, өзін ұстауында», дейді облыстық музыкалық драма театрының әртісі, Айнұр Әбенова.

Өзгелердің жаңалығы