Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мәлім етті.
Ауылды өркендетуге қажетті шарттардың бірі – ауылдық инфрақұрылымды дамыту. Елбасының бастамасымен қолға алынған «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы арқасында 2019 жылдан бастап Павлодар облысының 120 мыңға жуық тұрғыны немесе облыстағы барлық ауыл тұрғындарының жартысына өмір сүру жағдайлары жақсарып келеді. 169 әлеуметтік объекті салынды және жөнделді. Биыл 70 жоба іске асуда, оның басым бөлігі аяқталды. Мысалы, 10 мектеп, 4 балабақша жөнделіп, дәрігерлік амбулатория салынды, 80 км-ден астам кентішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілді, -деді облыс басшысы.
Оның айтуынша, ауылдағы өмір сапасының басты көрсеткіші – таза ауыз суға қол жетімділік.
Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес бұл мәселе ерекше бақылауда. Жыл соңына дейін қолжетімділік деңгейін 94,7%- ға дейін жеткіземіз. Жалпы, соңғы екі жылда бұл көрсеткіш 20%-ға өсіп, қамту – 40,6 мың адамға артты. Осылайша, біз жобаларды іске асыруды тездетіп, 2024 жылы 100 пайыздық көрсеткішке жетеміз, -деді Павлодар облысының әкімі.
Оқи отырыңыз: