Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Әбиба Әбужақынова командалық жарыстан кейін өз пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Біз командалық жарысқа алғаш рет лицензия алып тұрмыз. Оның өзінде, толық құраммен алмадық. Сондықтан, көпшілігіміз жоғары салмақта белдестік.
Соған қарамастан, жақсы нәтиже тіркеп, ерлік көрсеттік деп ойлаймын. Жүлдеге жақындай алмағанымыз өкінішті, десе де, біз алдағы ойындарға толық құраммен келеміз деген сенімдемін.
Жанкүйерлерді қуанта алмағанымыз үшін кешірім сұраймын, - деді Әбиба.
Айта кетейік, бүгін, 3 тамызда 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадада дзюдодан аралас командалар арасындағы жарыс басталды.