ИИДМ ел аумағындағы жолдар неге ақылы болатынын түсіндірді

24 Қараша 2021, 15:05
887
Бөлісу:
ИИДМ ел аумағындағы жолдар неге ақылы болатынын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин мәлім етті.

Ел аумағында ақылы автомобиль жолдарын енгізу туралы соңғы өзгерістерді атап өтті.

2021 жылғы 10 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы атап өткендей, «ақылы жолдарды енгізу – әлемдік тәжірибеге сай дұрыс шешім. Себебі біз сияқты жер көлемі үлкен елде тек бюджет есебінен жол салу мүмкін емес. Оның үстіне Қазақстан жүк тасымалынан пайда табуы керек. Осыған байланысты «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында биылғы жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырым болатын учаскелерде жол жүру үшін ақы алудың ашық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу көзделген, -деді төраға.

Сондай-ақ, Төлеген Абдулин ақылы автомобиль жолына іргелес ауданда/елдімекенде тіркелген жеңіл көлік үшін құны 1000 теңге болатын жылдық абонемент қарастырылғанын айтты. Оның сөзінше, 365 күнтізбелік күнге, ақылы учаскенің барлық маршрут үшін, екі бағытқа да қолданылады.

Бірінші санаттағы автожолдардың 7 учаскесінде ақылы жүйені енгізу туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, осы жылдың 23 қарашасында заңды күшіне енді. Сәйкесінше осы күннен бастап «Нұр-Сұлтан – Павлодар», «Шымкент - Өзбекстан шек.(Ташкентке)», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Тараз», «Тараз – Қайнар», «Қапшағай – Талдықорған» және «Щучинск – Көкшетау» учаскелерінен ақы алына бастады", - деді ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.

Өзгелердің жаңалығы