Әбдіжәміл ағаның қазақ тілінің сақталуына, дамуына қосқан үлесі шексіз

6 Ақпан 2022, 16:14
1844
Бөлісу:
Әбдіжәміл ағаның қазақ тілінің сақталуына, дамуына қосқан үлесі шексіз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арамыздан ардақты ақсақалымыз озды. Қазақтың Аралдан ұшқан азаматының ғасырлық өмір жолы- біздің қоғамымыздың тарихымен бірдей, деп жазды Премтер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов әлеуметтік желідегі парақшасында.

18 жасында Ұлы Отан соғысына аттанған Әбдіжәміл аға елге жеңіске жетіп оралған. Соғыста шыңдалған жан беріспес мақсаткерлігімен өмір бойы тек алға ұмтылды.

1956 жылы қазақтың қара баласы Мәскеудегі Горький атындағы әдебиет институтын аяқтап, өмірін адаспай тапқан мамандығына арнады.

Жастай соғыс майданында көрген қиындығы да, зұлымдығы да санасына тоқылып қалған жас жігіт соның бәрін қағазға түсіріп тарихты таңбалай түсті.

Әбдіжәміл ағаның еңбекқорлығының нәтижесі бізге ата-бабаларымыздың басынан өткендері, сол замандағы ел ағаларының мінез-құлқы, мақсаткерлігі мен рухын жеткізді. Бұл бағасыз еңбек, бұл – мәңгілік еңбек, бұл – әлем тілдеріне аударылып қазақтың тарихын танытқан еңбек.

Ағаның асылдығы - ғасырлық өмірінде өз өмірлік принциптеріне адалдығы үлгі боларлық мінез.

Әбдіжәміл ағаның қазақ тілінің сақталуына, дамуына қосқан үлесі шексіз.

Енді міне мәңгілік жолға аттанған абыздың мәңгілік еңбектері бізге, ұрпаққа мұра болып қалды.

Өмірі үлгі, еңбегі мәңгі Әбдіжәміл ағаның жатқан жері жәннаттән болғай.

Өзгелердің жаңалығы