Әбдіров 3 елдің ОСК төрағаларымен меморандумға қол қойды

Іс-шараға 6 халықаралық ұйымның өкілдері, 16 шет елдердің Орталық сайлау органдарының мүшелері, оның ішінде 10 төраға қатысып отыр.

 7 Желтоқсан 2023 2023, 11:56
7 Желтоқсан 2023 2023, 11:56
1249

ҚР Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына орай елордада өтіп жатқан халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конференцияның ашылу салтанатынан кейін ҚР Орталық сайлау комиссиясымен Армения, Түркия, Өзбекстан Республикаларының арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Бүгінгі іс-шараға 6 халықаралық, беделді ұйымның өкілдері, 16 шет елдердің Орталық сайлау органдарының мүшелері, оның ішінде 10 төраға қатысып отыр, - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ашылу салтанатында.

Айта кетейік, «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Конституциялық реформа мәнмәтіндегі сайлау заңнамасының эволюциясы» және «Сайлау жүйелерін дамытудың өзекті трендтері» атты екі сессияның жұмысы жоспарланған.

Іс-шара аясында «ҚР Орталық сайлау комиссиясына 30 жыл» көрмесі ұйымдастырылып, сайлау процесі мәселелері бойынша жаңа басылымдардың тұсаукесері өтеді.

Наверх