Әбдірайымов: Вакцина – панацея емес

20 Мамыр 2021, 18:37
1407
Бөлісу:
Әбдірайымов: Вакцина – панацея емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары Ерғали Әбдірайымов қазақстандық вакцинаға арналған онлайн брифингте айтты.

Біз вакцина панацея емес екенін түсінуіміз керек. Кез келген өндірушінің вакцинасы 100 пайыз вакцина алған адамның қорғалуына кепілдік бере алмайды. Вакцина ағзаны патогендік микроағзалармен кездесуіне даярлайды. Органимзді вакцинациялау бойынша біз оны микроағзаларға бейімдейміз. Алгоритмге сәйкес, кез келген вакцинаға талаптар бар, - деді ол.

Ерғали Әбдірайымов атап өткендей, өзге вакциналар бойынша да белгілі бір жағдайда ауру жұқтырғаны туралы ашық ақпарат бар.

Біз ол адамның инфекцияны жеңіл өткізетінін айта аламыз. Ол індет ағзаны қинайтын салдарға алып келмейді. Вакцина осындай жағдайлар үшін ағзаны дайындайды, - деді биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы