Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абай жолымен: Студенттер Абай еліне сапарлап, ілімін танып жатыр

25 Маусым 2025, 15:38
568
Бөлісу:
 ОКҚ
Фото: ОКҚ

Елімізде студенттердің бойына Абай ілімі сіңіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ақерке Абылайхан Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда еліміздің 104 жоғары оқу орнында 680 мыңға жуық студент білім алады.

Негізінен жастар саясаты «Мемлекеттік жастар сасаты туралы» Заң шеңберінде, сонымен қатар 2023-2029 жылдарға арналған Жастар саясаты тұжырымдамасы бойынша іске асырылуда. Жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде қарастырылған Университеттің үшінші миссиясы шеңберінде студент жастарды қоғамға әлеуметтендіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді ведомство өкілі.

Сонымен қатар ол студенттерге тәрбие бағытында қандай істер қолға алынғанына тоқталды.

Бүгінгі таңда жоғары білімді елдің азаматтары ретінде, білім алып жатқан жастарымыз тек қана білім емес жоғары рухани құндылықтарға ие болуы үшін идеологиялық, әлеуметтендіру, тәрбие бағытында кешенді жұмыс жасалуда. Жастар арасындағы негізгі идеология бұл «толық адам» идеясы. «Толық адам» ілімінде адамзатқа қажетті барлық құндылықтар атап көрсетілген. Осы құндылықтарды идеологиясы қазақи қанымызда бар қасиеттермен ұштастыра отырып, ұлттық құндылықтарымызбен бірге жастарға сіңірсек, толық, білімді, адал азаматты қалыптастырамыз, - деді Ақерке Абылайхан.

Биыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы, оған жан-жақты, барлық өңірлерде дайындық жүріп жатқан белгілі.

Қазіргі таңда студент жастар арасында Абайдың «толық адам» ілімінің негізгі тақырыбы - ол «ыстық қайрат – нұрлы ақыл – жылы жүрек». Осы бағыттағы жұмыстарды практикады көрсету мақсатында біз жақында Абай еліне арнайы саяхат жасап екі күндік форум ұйымдастырылды. Толық адам тұғыры бұл – әділет. Бұл ретте, Мемлекет Басшысының «Әділетті Қазақстан – Адал Азамат» принциптерін ұсынуы осы Абай иедологиясын ілгерілетудің бір бастамасы болды, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы