Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасында «Абай» шахтасындағы апаттан зардап шеккен 2 кеншінің жағдайы туралы айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
7 қарашада профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға 1960 және 1963 жылдары туған шахтаның екі қызметкері түсті. Диагноз – токсикогипоксиялық энцефалопатия. Науқастар жансақтау бөлімінде. Клиника дәрігерлері барлық қажетті медициналық көмек көрсетуде, - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Еске салайық, 7 қараша күні сағат 08:24-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Абай» шахтасында көмір мен газ жарылысы болды. Бұл кезде жер астында 64 адам болған.
52 кенші жер бетіне шығарылды. 6 адам қаза тауып, 2-уі зардап шекті.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, барлық отбасыларға қажетті жәрдем көрсетілетінін айтты.