Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абай рухы тоғыстырған: Семейде халықаралық конференция өтіп жатыр

9 Тамыз 2025, 10:45
747
Бөлісу:
 Абай облысының әкімдігі
VIDEO
Фото: Абай облысының әкімдігі

Абай елінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің қабырғасында ұйымдастырылған ғылыми жиында Қазақстан, Ресей, Түркия және Еуропа елдерінің ғалымдары бас қосқан.

Осы тойға мен де аз болса да үлесімді қостым. Абайдың інісі, Құнанбайдың баласы – Қалиолла жөніндегі 14 жылдық еңбегімнен кейін «Қалиолла» атты кітап шығардым. Қалиолла – Құнанбайдың Айғыз деген әйелінен 1849 жылы туған. Абайдың оқыған оқуын, мәдениетпен таныстығын одан әрі кеңейткен, оны үлкен дәрежеге жеткізуіне, меңгеруіне ықпал жасаған Қалиолланың еңбегі өте үлкен. Қалиолла – екінші Шоқан іспетті, қазақ фольклорын жинап, оны орыс тіліне аударған, - деп атап өтті конференцияға қатысып жатқан ғалым, абайтанушы Әсет Мырзақасым.

Ал ғылыми жиынға елордадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен арнайы ат басын бұрған делегация өкілі – Айман Ақтанова ұлы Абай тойына орайластырылған конференцияға оң баға берді.

Біз 5 жылдың ішінде ғылыми-зерттеу бағыты әртүрлі 90 кітап шығардық. Онығ ішінде, әдебиет, әдебиет тарихы, философиясы бар. Абай шығармашылығын жаңа заман контекстінде жаһандық жағдайда қалай оқытуға болады, қалай оқуға, тануға болады. Абай арқылы адам өзін таниды деген сұрақтарға жауап беретін бағыттарда үлкен жұмыс атқарылды. Бұл кітаптардың барлығы сондай жұмыстарды көрсетеді, - дейді Абай академиясының ғылыми қызметкері Айман Ақтанова.

Еске салайық, Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы он күн бойы тойланып жатыр. Семейде Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған ақындар айтысы өтті.

Сондай-ақ министрлік Абайдың мерейтойы жыл соңына дейін тойланатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы