Абай облысының прокуратурасы инвестордың құқығын қорғады

20 Наурыз 2024, 10:36
426
Бөлісу:
Абай облысының прокуратурасы инвестордың құқығын қорғады

Әкімдік инвесторға рұқсат құжаттарын беруден негізсіз бас тартқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Прокуратураның сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокурорлық қадағалау инвесторлардың мәселелерін тиімді шешуге бағытталған.

Осы жылдың ақпанында Абай облысының прокуратурасы құны 7 млрд теңгеден асатын 250-ден астам жұмыс орнын құрайтын ауыл шаруашылығы техникасын шығару кешенін салу жобасын жүзеге асырып жатқан инвестордың құқығын қорғады.

«Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ инвестордан жер мен объектіге құқық белгілейтін құжаттарды негізсіз талап етіп, оған қолданыстағы ғимараттарды қалпына келтіруге рұқсат беруден бас тартқаны анықталды. Прокуратураның араласуынан кейін инвестордың құқықтары қалпына келтіріліп, барлық қажетті құжаттар беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп жазды Абай облысының прокуратурасы.

Инвестициялық жобаларды қолдау жұмыстары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы