Семейде қала орталығындағы алаңда жаңа жылдық шыршаны жағу салтанаты өтті. Осы шара барысында кішкентай қыз көпшіліктің ішінде анасынан көз жазып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген полицейлер жылдам әрекет етіп, қызды тыныштандырып, оны сахнада өнер көрсеткен әртістердің автобусына отырғызды.
Осы уақытта қыздың анасы алаңда баласын уайымдап іздеді. Полицейлер алаңда алаңдаған әйелді байқап, оны автобусқа дейін ертіп апарды. Сол жерде анасы мен қызы қайта қауышты.
Оқи отырыңыз: