Абай облысының әкімі қашан тағайындалады?

16 Ақпан 2025, 08:20
557
Бөлісу:
Абай облысының әкімі қашан тағайындалады?
Фото: baq.kz

17 ақпанда Семейде Абай облысы әкімінің қызметіне кандидатура қаралады. Дүйсенбі күні Семейде мәслихат отырысы өтіп, онда депутаттар Абай облысы әкімінің қызметіне кандидатураны қарайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиын Абай театрының үлкен залында сағат 12:30-да өтеді.

Президент Жарлығына сәйкес, аймақ басшысын тағайындау үшін депутаттардың келісімі қажет. Мәслихат ұсынылған кандидатқа ресми тағайындалғанға дейін келісімін беруге тиіс.

Сонымен қатар, 17 ақпанда сағат 10:00-де Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру жөніндегі жиналысы өтеді.

Айта кетейік, 14 ақпанда кадрлық өзгерістер жарияланып, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, ал Нұрлан Ұранхаев Абай ауданының әкімі қызметінен босатылды.

Өзгелердің жаңалығы