Алматы қаласында Абай облысының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласындағы гуманитарлық көмек жинау пункті: Байтұрсынов көшесі, 22к1, 1 қабат мекенжайында орналасқан еріктілердің фронт-кеңсесі.
Байланыс нөмерлері: (+7 747 821 64 78; +7 747 540 01 40).
Қабылдау пунктінде кез келген көлемде заттар мен алғашқы қажетті азық-түліктер қабылданады. Қазір гуманитарлық көмекке бірінші кезекте қажет заттар:
- көрпелер, ұйықтайтын сөмкелер;
- тыныс алу маскалары;
- термос, қол шамы, қуаттауыштар;
- жөргектер, дымқыл майлықтар, жеке және әйелдер гигиенасы құралдары;
- қажетті өнімдер (консервілер, печенье және т. б.);
- бір рет қолданылатын ыдыс;
- су және т. б.
Қабылдау пунктінің жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады. Еріктілер штабының жұмысына «Қазақстан Еріктілер лигасы» ҚҚ, «QAMQOR CHARITY» ҚҚ, «Медицина Жастары» РҚБ және т.б. сияқты ірі еріктілер ұйымдарының еріктілері жұмылдырылған.