Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстағы Аягөз – Қалбатау жолындағы қозғалысқа шектеу қойылған, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазавтожолдың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты (қар, боран, жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуі) «Алматы – Өскемен» күре жолының қайта жаңарту учаскесінде («СинеМидасСтрой» ЖШС) 778-967 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Учаскеге 6 бірлік арнайы техника мен 11 маман жұмылдырылған.