Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абай облысында жоғалып кеткен 13 жастағы оқушы табылды

14 Қазан 2025, 20:02
1155
Бөлісу:
 Абай облысы ПД
Фото: Абай облысы ПД

Абай облысында жоғалып кеткен 13 жастағы оқушы қыз табылды. Ол туыстарымен жанжалдасқан соң үйінен кетіп қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2025 жылғы 13 қазанда Абай облысы Бородулиха ауданының полициясына кәмелетке толмаған Саржан Аружанның үйінен белгісіз бағытқа кетіп, оралмағаны туралы хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері бірден іздестіру шараларына кірісіп, қыздың жүріп өтуі мүмкін бағыттары тексерілді, тұрғындар мен туыстарынан жауап алынды, сондай-ақ барлық қолжетімді дерекқорлар мен бағдарлар пайдаланылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Аружан Семей қаласынан табылды. Қыздың айтуынша, үйден кетуіне туыстарымен болған жанжал себеп болған, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қыз туыстарына тапсырылды.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында 13 жастағы оқушы жоғалып кетіп, іздеу жарияланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы