Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абай облысында үш адам суға ағып кетті

16 Сәуір 2025, 17:49
1068
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Абай облысы Аягөз ауданындағы Ақшәулі ауылында үш адам өзенге ағып кетті,- деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі. 

Куәгерлердің сөзінше шаруа қожалығының жұмысшылары мал іздеуге шыққан. Қаракөл өзенінен аспалы көпір арқылы өтпек болғанда, көпір сынып кеткен. Оқиға кеше түс кезінде болды. 

Құтқарушылар 1967 және 1980 жылғы екі адамның өлі денесін таңертең тапқан. Үшінші адамның денесі бүгін түсте табылды. Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті әкімдік өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы