Абай облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылды

23 Маусым 2024, 08:05
254
Бөлісу:
Абай облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылды
Фото: BAQ.KZ архив

Абай облысында суда әйел адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, оқиға Абай облысының Курчатов қаласында орын алған. Өрт сөндірушілер Жұмағазин Жанғазы мен Оспанов Әдлет қалалық жағажай аумағында жаяу патрульдеу жүргізу кезінде көмек сұраған дауыстарды естіген еді.

Құтқарушылар дереу көмекке келіп, 1976 жылы туған әйел адамды суға батып кетуден құтқарып қалды.

Құтқарылғанның жағдайы тұрақты, медициналық көмекті қажет болмады.

ТЖМ азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы