Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де бейнебайланыс арқылы сөйлеген сөзінде су тасқынынан келген залалды есептейтін комиссияның жұмысы да аяқталатынын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Димитрий Гариков облыс аудандары тұрғындарына келтірілген залал мөлшері алдын-ала есептеу бойынша 57 млн теңгені құрайтынын атап өтті.
Бүгінгі таңда Абай облысы бойынша су тасқыны жағдайы тұрақталды. Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізудің барлық кезеңінде облыс аумағында 22 тұрғын үй су астында қалды. Бүгінгі таңда залалды есептеу жөніндегі комиссияның жұмысы аяқталуда. Алдын-ала есептеу бойынша зардап шеккен үй құрылыстары, техника, үй жануарлары, жеке мүлікті ескере отырып, залал шамамен 57 млн теңгені құрайды. Комиссия жұмысын 15 сәуірде аяқтау жоспарлануда, - деп атап өтті Димитрий Гариков.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Аягөз және Ақсуат аудандарында енгізілген
ТЖ режимі 3 сәуірде тоқтатылғанын атап өтті.
Айта кететін бір жайт, үйлер ең ұзақ дегенде 12 сағатқа дейін су астында қалды. ЖАО мен ТЖД қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарына сәйкес үйлерден су тартылды. Жалпы, облыстың барлық аудандары су басу қауіпі болғанымен, тек екі ауданда – Аягөз және Ақсуатта ТЖ режимі жарияланды. Аталған аудандарда Төтенше жағдай режимі 3 сәуірде тоқтатылды, – деді спикер.
Сондай-ақ Димитрий Гариков облыстың инфрақұрылымына келтірілген залал
2,5 млрд теңгеге бағаланатынын атап өтті.
Бүгінде су тасқыны салдарынан 4 көпірге нұқсан келді, оның 2 – і ірі көпірлер. Қазіргі уақытта Аягөз ауданының бір ауылы көлік қатынасынсыз қалып отыр. Инфрақұрылым бойынша комиссияның жұмысы да аяқталды, шамамен 2,5 млрд теңге шығын келгені анықталды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде тікұшақ пайдаланылып, 700 келі гуманитарлық көмек жеткізілді. Су басу қаупі жойылды, өңіртдегі су тасқыны жағдайы тұрақты, - деп қорытындылады Димитрий Гариков.