Абай облысында су тасқынымен күресуге ауыр техника жұмылдырылды

Көкпекті ауданындағы елді мекендерінің бірінде су тасқынымен күресу мақсатында ауыр техника жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

 gov.kz 31 Наурыз 2024 2024, 13:30
31 Наурыз 2024 2024, 13:30
1066
Фото: gov.kz

Көкпекті ауданындағы елді мекендерінің бірінде су тасқынымен күресу мақсатында ауыр техника жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Ажа ауылында еріген қар суының ауылға кірудің алдын алу мақсатында эксковатормен су жолын жүруі мүмкін 2 км жолға бөгеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл жұмыстарға 3 бірлік техника, 12 адам жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта Ажа ауылына су басу қаупі жоқ. Аталған орында кезекшілік ұйымдастырылып, су деңгейі бақылауда.

Наверх