Абай облысында салынып жатқан көпір құрылысы тексерілді

24 Тамыз 2023, 15:35
760
Бөлісу:
Абай облысында салынып жатқан көпір құрылысы тексерілді
PHOTO

Ертіс өзені арқылы өтетін көпір құрылысы тексерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, «Integra Construction KZ» ЖШС мердігер ұйымының және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын «T.A.S. Build» ЖШС өкілдерімен көшпелі жиын өткізді. Әкім орынбасары жауапты мамандармен бірге автокөпірді қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысып, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.

Абай облысында салынып жатқан көпір құрылысы тексерілді

Бүгінде жаңадан салынып жатқан көпірде келесі жұмыстар жасалып жатыр:
- оң жағалауда:
1) құрылыс алаңы дайындалды;
2) №2 күзет пунктінің құрылысы жүргізілді;
3) кәріз желілері алып тасталынды.

Абай облысында салынып жатқан көпір құрылысы тексерілді

- сол жағалауда:
1) кабель желілері көшірілді;
2) №1 тірегінің (қаңылтырдың қорғаныш қабырғасы суға орнатылды, арматуралау, бетондау және гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілді);
3) №2 тірегінің (шұңқыр әзірленді, бетон қабаты құйылды, шұңқырды гидрооқшаулау және толтыру аяқталды);
4) №6 және №8 тірегінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Абай облысында салынып жатқан көпір құрылысы тексерілді

Осы жылдың аяғына дейін №2, №3, №6, №8 тіректерін орнату жоспарланған.

Еске салсақ, жаңа көпірдің жалпы ұзындығы 1,3 шақырым, ені 23 метр болады. Көпір 9 тіректі, 8 бағаналы, төрт жолақты болады деп жоспарланған. Бір қозғалыс жолағы 3,75 метрді құрайды. Ескі автокөпір толығымен жаяу жүргіншілерге арналған көпір болады.

Өзгелердің жаңалығы