Абай облысында жергілікті төтенше жағдай мамандары орман өртін сөндіруге жаппай жұмылдырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылдың 22 мамырында «101» пультіне Бородулиха ауданындағы Ауыл станциясынан 7 шақырым қашықтықта – Алтай өлкесінің Новенькая ауылының территориясында құрғақ шөп өртеніп, өршіп жатқаны туралы хабар келіп түсті, - деп мәлім етті өңірлік ТЖД.
Өртенген құрғақ шөп оты «Семей орманы» территориясына да жетіп, Березовка шипажайына қауіп төндіруде.
Өрттің алдын ала ауданы 57-70 гектарды құрайды, өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 41 адамы, 14 техникасы және 1 арнайы көлігі, орман шаруашылығынан 157 адам және 44 техника жұмылдырылды, облыстағы жергілікті атқарушы органдар тарапынан 4 су таситын КамАЗ көлігі, 3 трактор жіберілді. Жергілікті полиция қызметінен 4 адам, 2 көлік бөлінді. Олар халықты құлақтандыру, жолдағы жағдайды ретеуде, - дейді Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Абай облыстық ТЖД Дағдарыс орталығында штаб ұйымдастырылды. Департаменттің жеке құрамы дабыл бойынша жұмыс істеп тұр. Елдімекеннің кіре берісіне арнайы құрылған жедел облыстық штаб бар.