Абай облысында полицейлер 200-ге жуық шырша көшеттерін отырғызды

Бүгiн, 14:03
125
Бөлісу:
Абай облысында полицейлер 200-ге жуық шырша көшеттерін отырғызды
Фото: polisia.kz

Абай облысында полицейлер экоакция барысында 200-ге жуық шырша көшеттерін отырғызды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Абай облысының полиция қызметкерлері қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды қалпына келтіруге бағытталған маңызды экологиялық акцияға қосылды. Бесқарағай ауданында 1997 жылы өрттен қираған орман алқабының орнында полиция қызметкерлері шырша көшеттерін отырғызып, жаңа жасыл аймақ құрды.

Орманды қалпына келтіру бастамасы – бұл аймақтың экожүйесін жандандыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған қадам. Полицейлер Морозовский орман шаруашылығымен бірлесіп, болашақта қайта жанданған орманның бір бөлігі болатын 200-ге жуық жас ағаштарды символикалық түрде отырғызу арқылы аумақты көгалдандыруға үлес қосты. 

Біз үшін құқықтық тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен қатар адамдарды біріктіретін және табиғатты қорғауға ықпал ететін осындай әлеуметтік жобаларға белсенді қатысу маңызды. Біз апаттан зардап шеккен орманды қалпына келтіруге үлес қосу мүмкіндігін мақтан тұтамыз және біздің күш-жігеріміз болашақ ұрпаққа көмектеседі деп үміттенеміз, – деп атап өтті Абай облысы полиция департаментінің бастығы Бекторе Сұлтан. 

Жаңа жасыл аймақ қайта өрлеу дәуірінің символы және табиғат пен экологияны қорғау мәселелері бойынша табысты өзара іс-қимылдың үлгісі болады.

Өзгелердің жаңалығы