Абай облысының құтқарушылары пәтерде қамалып қалған баланы құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Белгілі болғандай, бүгін Курчатов қаласы Олимпийск көшесі бойындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің бірінде пәтердің кіреберіс есігі жабылып, 6 жастағы бала пәтерде қалып қойған.
Баланың әкесі есікті өз бетінше аша алмай, құтқарушылардан көмек сұрады, - деп атап өтті ведомстводан.
Құтқарушылар үш иінді сатының көмегімен үшінші қабаттың терезесі арқылы пәтерге кіріп арнайы құралдардың көмегімен есікті ашып, баланы әкесіне тапсырды.