Абай облысында өрт қауіпсіздігін күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үкімет отырысында Абай облысындағы жылу беру кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары талқыланды.
Осылайша, 2023 жылы облыста тұрғын үй секторында 433 өрт оқиғасы тіркелді.
Өрт қауіпсіздігін күшейту жұмыстары олардың пайда болуының негізгі себептерін ескере отырып жүргізіледі.
Өрттің 40% отпен абайсызда жұмыс істеу кезінде, 30% - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудың нәтижелерінен, 19% - жылыту пешінің ақаулығына байланысты және 11% - басқа факторлардың әсіренен пайда болған.
Осыған байланысты тиісті іс-шаралар жоспары іске асырылып жатыр. Құзырлы органдар еріктілермен бірлесіп «Өрт қауіпсіздігі айлығын» өткізіліп, 2614 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталды, оның ішінде 1818 автономды жылыту жүйелерімен байланысты.
Халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын пешпен жылытылатын 7,5 мыңнан астам тұрғын үй анықталды. Аталған санаттағы азаматтардың үйлеріне көміртегі тотығын анықтауға арналған арнайы датчиктерді орнату кезең-кезеңімен жалғасып жатыр.
Ағымдағы кезеңде 3,5 мыңнан астам датчиктер орнатылды. Қосымша 4 мыңнан астам қондырғыны орналастыру қажет.
2023-2026 жылдарға арналған көміртегі тотығын анықтау датчиктерін сатып алу жоспары бекітілді, бүгінгі күні осы жоспарды мерзімінен бұрын орындау бойынша жұмыс істеліп жатыр. Сонымен қатар Семей қаласының бюджетін кезекті нақтылау кезінде көміртегі тотығы датчиктерін сатып алу үшін 25 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын бөлу жоспарланып отыр, - деді аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев.
Өрт қауіпсіздігі мәселелері табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі арнайы комиссияның отырыстарында жүйелі негізде қаралады.
Сонымен қатар, аталған тақырып бойынша халықты кеңінен ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсенді ақпараттық-алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.