Абай облысында Нұрлыбек Баймұратовтың еңселі ескерткіші ашылды

7 Тамыз 2022, 14:44
1285
Бөлісу:
Абай облысында Нұрлыбек Баймұратовтың еңселі ескерткіші ашылды

Абай облысының Бесқарағай ауданында ұлы Абай шәкіттерінің бірі, айтыскер ақын Нұрлыбек Баймұратовтың еңселі ескерткіші ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республикалық «Омбы-Майқапшағай» жолының бойына орнатылған мүсіні қоладан құйылған. Жанында гүлзары бар. Биіктігі 6 жарым метрге жуық ескерткіштің авторы – мүсінші Нұрбол Қалиев. 

«Хабар 24» мәліметінше, туынды «Туған жерге тағзым» акциясы аясында тарту етілді.   

Бесқарағайдың атын бүкіл одаққа шығарған ардақты ақын. Абайдан үлгі алған. Мұхтар Әуезовпен замандас, Семейде, Орынборда бірге қызмет істеген. 

«Қала сұлуы» поэмасын сол кісінің ұсынысымен жазған. 

Нұрлыбек Баймұратов кезінде Жамбыл Жабаевпен, Кенен Әзірбаевпен, Иса Байзақовпен айтысқан. Естай ақынның шәкірті болатын ел танысын деген ниетпен жол үстіне ескерткішін қойдық, - деді меценат Балтабек Нұрғалиұлы.

Өзгелердің жаңалығы