Бұл туралы "Қазавтожол" Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 22 қаңтар сағат 09:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:
- "Таскескен-Бақты" автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен ауылының бұрылысынан Үржар ауылына дейін);
- "Алматы-Талдықорған-Өскемен" автожолының 615-967 шақырым аралығы (Жетісу облысының шекарасынан Қалбатау ауылына дейін);
- "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз" автожолының 447-704 шақырым аралығы (Маскелді ауылынан Аягөз қаласына дейін).
Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 18:00 ашу жоспарланған.