Абай облысының мектептерінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің желісі кеңейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
Семей қаласының №45 және №19 мектептерінде, Бесқарағай ауданы Қ.Рысқұлбеков атындағы мектеп пен Аягөз ауданы №1 мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін жаңа 4 инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды. Облыс бойынша инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің саны артты. Кабинеттерде 400-ге жуық бала білім алады.
Бұл кабинеттердің негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға оқу барысында психологиялық және педагогикалық қолдау көрсету.
Инклюзивті білім беру кабинеттерінің материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталған. Оқушылардың ұсақ моторикасын дамытуға, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған арнайы құралдар қойылған. Әр кабинеттің жұмыс орны оқушыларға ыңғайлы етіп ұйымдастырылған. Сабақ кестесіне сәйкес психологтар, арнайы педагогтер және әлеуметтік педагогтер оқушыларға білім беру үдерісінде көмек көрсетіп, оларды мектеп ортасына бейімдеуге көмектеседі.
Облыстың 18 мектебінде барлығы инклюзивті білім беру 18 кабинет жұмыс істейді.