"112" пультіне 2 ер адам көліктің сынуы нәтижесінде ауылдық жолда қалғанын, оларды эвакуациялау қажет екендігі туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу жіберілді.
Құтқарушылар келгеннен кейін жүк көліктерінің сыныуына байланысты 2 ер адам ауылдық жолға шығып, трассаға қарай жаяу жүргені анықталды.
Бұл жердегі жолсыздыққа байланысты Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шамамен 4 шақырым жаяу жүріп, зардап шеккендерді тапты.
Алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін құтқарушылар оларды Семей қаласына жеткізді.