22 қаңтарда Абай облысының кей мектептерінде бірінші ауысымдағы сабақ онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда:
- Бородулиха ауданындағы 6 мектептің 1-11 сынып оқушылары
- Көкпекті ауданындағы 15 мектептің 1-11 сынып оқушылары
- Ақсуат ауданындағы 17 мектептің 1-11 сынып оқушылары
- Бесқарағай ауданындағы 1 мектептің 1-11 сынып, 3 мектептің 1-9 сынып, 1 мектептің 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.