Қазіргі таңда Абай облысында 3 686 бос жұмыс орны болса, оның 751-ы тұрақты жұмыс орны, сондай-ақ мемлекет субсидиялайтын уақытша жұмыс орындарында 2 935 бос жұмыс орны бар, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрақты жұмыс орындарына кадрларға негізгі қажеттілік келесі кәсіби бағыттар бойынша анықталды:
- Өндіріс – 121;
- Білім және тәрбиелеу – 97;
- Медицина және фармацевтика – 96;
- Көлік және логистика – 68;
- Біліктілігі жоқ мамандықтар – 62;
- Қаржы және бухгалтерлік есеп – 43;
- Құрылыс және сәулет – 33;
- Ауыл шаруашылығы – 24;
- Энергетика – 20;
- Сауда және қоймалау – 19;
- HR және хатшылық – 17;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру – 16;
- Мәдениет және спорт – 16;
- Мұнай, газ, ресурстарды өндіру – 13;
- Құқықтану – 12;
- ІТ және телекоммуникациялар – 11;
- Қызмет және сервис – 10;
- Қауіпсіздік және төтенше жағдайлар – 9;
- Тамақтану – 7;
- Әлеуметтік қызмет көрсету – 7;
- Ғылым және консалтинг – 6;
- Маркетинг және БАҚ – 4;
- Өзге салалар – 10.
Жұмысқа орналасқыңыз келсе, https://www.enbek.kz/ru/search/vacancy?region_id=10&sort=oplata сілтемесі бойынша өтуіңізге немесе 8 (7222) 36-01-99 хабарласуыңызға болады, - делінген хабарламада.