Абай облысында батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды

23 Маусым 2024, 17:11
358
Бөлісу:
Абай облысында батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысында батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Семей қаласында Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушылары Руслан Масанов пен Рустам Бейісханов Ертіс өзенінде патрульдеу жүргізу барысында жағадан 15 метр қашықтықта батып бара жатқан 2012 жылы туған қызды құтқарып, судан шығарды.

Қазіргі уақытта құтқарылған адамның жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес. 

ТЖМ азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы