Семейден шығатын барлық бағыттағы жол жабық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Абай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Полиция департаментінде жедел штаб құрылып азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жылыну бекеттеріне 65 адам, оның ішінде 16 бала жеткізілді. Блок-бекеттерде 400-ден астам көлік құралдары, оның ішінде дизель отынымен жүретін жүк көліктері бар. Облыс жолдарындағы жағдай бақылауда. Жедел штаб әр 30 минут сайын трассалардың жай-күйі туралы ақпарат алуда, - делінген Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция қызметі азаматтарды ауа райы жағдайы жақсарғанға дейін жолға шықпауға, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын қатаң сақтауға және қажет болған жағдайда көмек сұрап жүгінуге шақырады.
Шұғыла Сұлтанмахмудова