Абай облысында өңір әкімі Нұрлан Ұранхаев Абай ауданына жасаған жұмыс сапарының аясында бірнеше нысандарды аралап, бүгінгі жағдайымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Аймақ басшысы "Қарауыл-Архат" бағытындағы 10 шақырым кіреберіс жолының орташа жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Мердігер – «Дерикар» ЖШС. Жұмысты 2024 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ "Ақшоқы – Құнанбай әулетінің ата қонысы" стелласының ашылу салтанатына қатысты. Стелланы жергілікті мүсінші Нұрбол Қалиев жасаған. Стелладағы алтын қыран Құнанбайдың мінезін, қайраткерлігін танытады. Сонымен қатар стелла өлкеміздің байлығын, осында туып-өскен тұлғаларының ұлылығын білдіреді.