Абай облысында Абай күні қалай тойланды?

10 Тамыз 2022, 21:00
1557
Бөлісу:
Абай облысында Абай күні қалай тойланды?

Дәстүр бойынша, бұл күні Семейде Ұлы ақынның ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, зиялы қауым өкілдері және осы күндері Семейде өтіп жатқан Жерлестер форумының қонақтары қатысты.

Абай облысында Абай күні қалай тойланды?

Өзінің құттықтау сөзінде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Ұлы дала ақынының шығармашылығы барлық уақытта да өзекті екенін атап өтті.

Абай облысында Абай күні қалай тойланды?

Салтанатты рәсімнен кейін қонақтар Невзоровтар отбасы мұражайы мен Абай мұражайын аралады.

Сонымен қатар бүгін Семей қаласында жерлестер бизнес форумы болып өтті.  Форум ойшыл Абай Құнанбаевтың 177 жылдығына арналған.

Семейде, басқа қалалар мен елдерде бұрыннан тұрып жатқан, бірақ бұрынғысынша өзінің шағын отанын жақсы көретін және оның өркендеуіне үлес қосуға дайын бизнес өкілдері жиналды.

Бүгін біз Абай күнін атап өтудеміз. Бұл ұлы ақын мен ойшылдың оның есімімен аталатын аймақ құрылғаннан кейінгі алғашқы құрметі. Сондықтан мереке есте қаларлықтай болғанын қалаймын. Бүгін форумға біздің жерлестеріміз – бұрынғы Семей облысы мен Семей қаласының тумалары жиналды, – деді өз сөзінде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Форум аясында қонақтар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қала музейлеріне барып, футбол бойынша жолдастық матчқа да қатысты. Ең қызығы сол футболда  Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың өзі ойнады.

Абай облысында Абай күні қалай тойланды?

Естеріңізге сала кетейік, Семейде атақты "Елім-ай" футбол командасы қайтадан жасақталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы