Абай облысында 37 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

17 Мамыр 2024, 18:31
392
Бөлісу:
Абай облысында 37 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Абай облысының прокурорларымен 397 млн теңгеге жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер заңнамасы Абай облысы прокуратурасының ерекше бақылауында.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде қабылданған шаралармен жергілікті атқарушы органдардың заңсыз актілері жойылып, 397 млн теңгеге жалпы ауданы 49 мың га болатын 37 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Мұндай шаралардың негізі жер учаскелерін нысаналы пайдаланбау, оларды қосалқы жалға беру, Мемлекеттік шекараның шекаралық белдеуінде орналасуы болып табылды.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасының наразылықтары бойынша қалалар мен аудандар мәслихаттарының жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету және бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін түзету коэффициенттерін бекіту туралы 4 нормативтік құқықтық актілері жойылды, - делінген Абай облысының прокуратурасы таратқан хабарламасында.

Мәселен, бір жағдайда мәслихаттардың шешімдерін қабылдау кезінде күші жойылған жерді аймақтарға бөлу схемасы пайдаланылды, екінші жағдайда күшіне енбеген схема қолданылды. Бұл жер салығының базалық ставкаларының негізсіз өсуіне әсер етті.

Бүгінгі таңда базалық ставкалар сәйкестікке келтірілді, осылайша адамдардың шектелмеген тобының құқықтары қорғалды.

Өзгелердің жаңалығы