Семей қаласындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде электр қалқаны жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Баспалдақ маршы арқылы құтқарушылар 2 ересек адам мен 1 баланы құтқарды.
Сондай-ақ 40 адам, оның ішінде 10 бала өздері эвакуацияланды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы, - деп жазды ТЖМ.